14.05.2024

Smart Solutions HR-бренд Орталық Азия V Халықаралық конференциясының серіктесі болды

HR-қызметтердің жетекші провайдері Smart Solutions компаниясы 2024 жылғы 31 мамырда Алматыда өтетін HR-бренд Орталық Азия V Халықаралық конференциясының серіктесі болды.

HR бренді конференциясы – HeadHunter компаниясы өткізетін жыл сайынғы іс-шара. Биыл оның басты тақырыбы: “HR эволюциясы: инсайттар, сын-қатерлер, шешімдер”. Жетекші HR компаниялары персоналды басқару және жұмыс берушінің брендін дамыту саласындағы тәжірибе мен озық дағдылармен алмасатын болады.

Smart Solutions үшін – бұл белсенді кәсіби қарым-қатынас, идеялармен алмасу, сала сарапшыларымен байланыс орнату мүмкіндігі. HR-бренд Конференциясымен серіктестік адам ресурстарын басқару саласындағы озық тәжірибелер, трендтер мен инновациялар туралы білуге мүмкіндік береді.

Іс-шарада Smart Solutions ақпараттық стенді ұсынылады, онда барлық ниет білдірушілер компанияның қызметімен танысып, біздің қызметтеріміз туралы толық ақпарат ала алады.

Конференцияның егжей-тегжейімен танысып, билеттерді Орталық Азия HR-бренді V Халықаралық конференциясы сайтынан сатып алуға болады.